Сүт қышқылы бар интимдік гигиеналық өнім

Дененің интимдік аймақтарын күнделікті нәзік тазарту үшін
Табиғи рН балансын сақтауға ықпал етеді
Жайлылық пен тазалық сезімін береді
Сатып алу
Image
Қолайлы:
01
КҮНДЕЛІКТІ КҮТІМГЕ, ЖАЙЛЫЛЫҚТЫ САҚТАУҒА ЖӘНЕ ИНТИМДІК АЙМАҚТЫҢ СЕРГЕКТІГІН СЕЗІНУ ҮШІН
02
ЕТЕККІР, ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ МЕНОПАУЗА КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНУҒА
03
ҚЫНАПТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ КЕШЕНДІ ТЕРАПИЯ ҮШІН
Қолдану тәсілі
Image
1-кезең
Аз мөлшерде гельді сумен араластырыңыз
Image
2-кезең
Көбіктендіріп және интимді аймақтағы теріге жағыңыз
Image
3-кезең
Сумен жақсылап шайыңыз

НЕГЕ ИНТИМДІК ГИГИЕНА ҮШІН ЛАКТО-КЮРДІ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

Сүт қышқылы бар лакто-КЮР® дененің интимдік аймақтарын нәзік тазартуға арналған. Микрофлораның табиғи рН тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Күні бойы жайлылық, тазалық және балғындық сезімін береді. Интимдік аймаққа күнделікті күтім жасауға арналған.

НЕГЕ ИНТИМДІК ГИГИЕНА ҮШІН ЛАКТО-КЮРДІ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?

Image
Иістің, тітіркенудің, құрғақтықтың алдын алуға көмектеседі
Image
Нәзік интимдік аймағына арналған арнайы құрам
Image
Гинекологтар күнделікті қолдану үшін мақұлдаған және ұсынған
Image
Табиғи микрофлораны қолдайды және микрофлораның бұзылу факторларынан қорғауға ықпал етеді
Image
Әйелдер денсаулығын сақтау және қорғау үшін клиникалық дәлелденген тиімділік
Интимдік аймақтың микрофлорасына әсер ететін факторлар
Image
Душқа арналған сабындар мен гельдер
Агрессивті pH және агрессивті ПБЗ бар
Image
Дәрі-дәрмек қабылдау
Пайдалы бактериялар да басылады
Image
Жүктілік және босанғаннан кейін
Гормоналды өзгерістер әйелді инфекцияларға бейім етуі мүмкін
Image
Менопауза кезеңі
Эстроген деңгейі төмендейді, РН сілтілі жаққа ауысады
Image
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
Қолдану көрсеткіштері
Күнделікті интимдік гигиена үшін жасалған. Бұл өнімді сабынның орнына қолдануға болады және тітіркенуді тудырмайды.
Қолдану тәсілі
Тек сыртқа қолдануға арналған. Аз мөлшерде өнімді сумен араластырыңыз, шырышты қабатқа жағыңыз және сумен жақсылап шайыңыз. Басқа сабынмен бірге қолдануға болмайды.
Жанама әсерлері
Күйдіру, қышу, шаншу, қызару немесе тітіркену пайда болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштер
Өнімнің кез-келген компонентіне жоғары сезімталдығы бар адамдарға қолдануға болмайды.
Нұсқаулықты жүктеп алу
Пайдалы ақпарат
Image
Лактобактерии дегеніміз не?
толығырақ оқу
Image
РН деңгейі және сүт қышқылы
толығырақ оқу
Image
Табиғи әсер ететін факторлар РН интимдік аймақтың тепе-теңдігі
толығырақ оқу
Жиі қойылатын сұрақтар
Лакто-Кюрді® күнделікті қолдануға бола ма?

Интимдік аймаққа күтім жасау үшін тек суды пайдалану жеткіліксіз, өйткені су тек тазартатын қасиеттерге ие және дененің бұл бөлігіне қажетті табиғи тепе-теңдікті қамтамасыз етпейді. Оның оңтайлы күйі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін интимдік аймаққа арналған арнайы күтім құралдарын пайдалану қажет.

Лакто-Кюр® сыртқы жыныс мүшелеріне күтім жасауға арналған және оны күнделікті қолдануға болады, өйткені ол қауіпсіз және құрамында сабын жоқ.

Лакто - Кюрді® қай жастан бастап қолдануға болады?

Лакто-Кюрді® пубертаттық кезеңі кезінде немесе одан кейін, яғни қыздарда етеккір басталғанда және денеде тер мен май секрециялары көбірек бөліне бастағанда қолдануға болады. Дегенмен, бұл жеке қажеттіліктерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Лакто-Кюрді® спринцевание үшін пайдалануға бола ма?

Лакто - Кюр® негізінен сыртқа қолдануға арналған және сыртқы жыныс мүшелерін жұмсақ тазалауға арналған.

Интимдік аймақ өзін-өзі тазартады және оның инфекциялардан қорғайтын және сау микрофлораны қолдайтын табиғи биологиялық жүйесі бар. Спринцевание бұл тепе-теңдікті өзгертуі мүмкін , бұл жақсы бактериялардың (лактобактериялардың) азаюына әкеледі және патогендердің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Егер бөліністер немесе иіс болса, қаншалықты жиі жуыну керек?

Қынаптық бөлініс - әйел ағзасының өзін-өзі тазартуға көмектесетін қалыпты процесс. Әдетте, овуляция кезінде бөліністер ірірек және қоюырақ, ал циклдің қалған кезеңінде жеңілірек және сулы болады. Қалыпты бөлініс циклдің басынан овуляцияға дейін ақшыл, мөлдір немесе ақшыл түсті болады, содан кейін кремді болады. Алайда, егер бөліністің ерекше иісі, түсі немесе консистенциясы болса, дәрігермен кеңесу керек.  

Инфекцияға немесе бактериялардың шамадан тыс көбеюіне байланысты иістерден құтылу үшін жақсы интимдік гигиенаны сақтау және күнделікті құрамында сүт қышқылы бар Лакто-Кюр® интимдік гигиена өнімін қолдану маңызды.

Лакто-Кюр® ұзақ уақыт бойы сергектік сезімін қамтамасыз етеді, интимдік аймақтың pH деңгейін теңестіріп, жағымсыз иістен қорғайды.

«Сыни күндер» кезіндегі интимдік гигиена

Сыни күндерде өзіңізді жайлы және сенімді сезіну өте маңызды, және бұл жағдайда Лакто-Кюр® көмектеседі. Лакто-Кюр®-ді душ кезінде пайдалану интимдік аймақтың табиғи қышқылдығын қолдайтын теңдестірілген pH деңгейімен қамтамасыз ете отыра, тазалық пен сергектік сезімін сыйлайды

Егер сіз етеккірдің алдында қышынуды сезсеңіз, бұл қалыпты жағдай болуы мүмкін, өйткені интимдік аймаққа қан ағымы жағдайды өзгертуі мүмкін.

Жағымсыз сезімдерден құтылу үшін құрамында сүт қышқылы бар Лакто-Кюр® интимдік гигиена құралын пайдалануға болады, бірақ қышу етеккірден кейін де жалғасса, сізде инфекция болуы мүмкін, сондықтан гинекологқа қаралу қажет. 

 

Жүктілік кезіндегі интимдік гигиена

Жүктілік – әйел өміріндегі керемет, бірақ та денесіндегі көптеген өзгерістерге байланысты күрделі кезең болып табылады.

Лакто-Кюр® жүктілік кезінде пайдалану үшін толығымен қауіпсіз, өйткені оның жұмсақ формуласында сабын жоқ және интимдік аймаққа күтім жасау үшін өте қолайлы. Бұл бактериялардың көбеюіне жол бермейді және интимдік аймақта табиғи тепе-теңдікті сақтайды.


Менопауза кезіндегі интимдік гигиена

Менопауза басталғаннан кейін әйел ағзасындағы эстроген деңгейі төмендейді, бұл интимдік аймақ қабырғаларының жұқаруына, құрғауына және майлау бөліністерінің азаюына әкеледі. Бұл терінің құрғауын алып келіп, тітіркенуге және қышуға бейім болуын тудыртады. Бөліністердің көбеюі вагиналды инфекцияның бар екенін көрсетеді, бұл эстроген деңгейінің төмендеуіне байланысты менопауза кезінде жиі кездеседі. Интимдік аймақтың жағдайын жақсарту үшін рН теңдестірілген және  қосымша ылғалдандыратын компоненттері бар Лакто - Кюр® сияқты ылғалдандырғыштарды қолдануға болады.

Интимдік гигиена ережелері

Сүт қышқылы интимдік аймақтың микрофлорасына не үшін пайдалы?

Сүт қышқылы әйелдер үшін интимдік микрофлораны сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл қынаптағы төмен рН деңгейін сақтауға көмектеседі, сонымен қатар бұл сау вагинальды микрофлораның негізгі бөлігі болып табылатын лактобактериялар үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін қажетБұл өз кезегінде бактериялық вагиноз немесе саңырауқұлақ инфекциясы сияқты инфекцияларды тудыруы мүмкін зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтардың көбеюі мен дамуын болдырмауға көмектеседі.  Сондықтан сүт қышқылы сау вагинальды микрофлораны сақтау және инфекциялардың дамуын болдырмау үшін маңызды.

Image Image